Arizona State University × AUEZOV University
ARIZONA STATE UNIVERSITY-НЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
М. Әуезов атындағы ОҚУ мен Arizona State University серіктестігі
Arizona State University (ASU) – кімді қабылдамайтынымен емес, керісінше кімді қабылдап, олардың табысқа жетуіне қалай ықпал ететінімен бағаланатын кешенді мемлекеттік зерттеу университеті. Университет қоғамдық маңызы бар ғылыми зерттеулер мен жаңалықтарды дамытуға, сондай-ақ өзі қызмет ететін қауымдастықтардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени және жалпы әл-ауқатын арттыруды өзінің негізгі міндеттерінің бірі санайды. Осы серіктестіктің нәтижесінде бүгінде ASU бүгінде AUEZOV–ASU қос диплом бағдарламасы арқылы Шымкентте өз білім беру мүмкіндіктерін ұсынып, халықаралық деңгейдегі сапалы білім алуға жол ашады.
ТолығырақСтратегиялық серіктестік
Әлемдік деңгейдегі білім беруге бастайтын стратегиялық серіктестік
Стратегиялық серіктестік
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті АҚШ-тың Arizona State University (ASU) университетімен стратегиялық серіктестік орнатқанын мақтанышпен хабарлайды. ASU U.S. News & World Report рейтингі бойынша 2016–2026 жылдар аралығында қатарынан 11 жыл бойы АҚШ-тағы ең инновациялық университет ретінде танылған.
Arizona State University серіктестігіндегі AUEZOV University Honors College
Бұл маңызды серіктестік аясында Arizona State University серіктестігіндегі AUEZOV University Honors College іске қосылып, Шымкент қаласы мен жалпы өңірдегі жоғары білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Arizona State University серіктестігіндегі AUEZOV University Honors College Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сәйкес әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша ASU-мен бірлескен қос дипломды бакалавриат бағдарламаларын ұсынады.
ASU халықaрлық рeйтингтердeгі жeтістiктері
Кампус
ҚОС ДИПЛОМДЫ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандықтар
3+1 БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Ескерту: «Химиялық инженерия» бойынша студенттер соңғы оқу жылын Аризона штатындағы ASU кампусында күндізгі форматта оқуы тиіс.
ҚАБЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ
ASU бейнелері
Жаңалықтар
Жаңалықтар әзірге жоқ / Новостей пока нет / No news yet
ASU × AUEZOV
4 жыл ішінде екі бакалавр дәрежесін алыңыз. Студенттер алғашқы үш жылын М. Әуезов атындағы университетте оқып, соңғы оқу жылын онлайн форматта Аризона мемлекеттік университетінде (ASU) аяқтайды. Нәтижесінде олар небәрі төрт жыл ішінде екі бакалавр дәрежесін иеленеді. ASU-дағы соңғы оқу жылына қабылдану және қос диплом бағдарламасына қатысу мүмкіндігі пәндер бойынша кредиттердің сәтті түрде қайта есептелуіне және Аризона мемлекеттік университетінің мақұлдауына байланысты. Бағдарлама шарттары студенттің академиялық үлгеріміне қарай өзгеруі мүмкін.
Толығырақ